Майнерлер 4,8 млрд теңге салық төледі

430

Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.  

Майнерлер 4,8 млрд теңге салық төледі Фото: Coindesk.com

Биыл Қазақстанда цифрлық майнингтен түсетін салық көлемі биыл айтарлықтай артты, деп жазады inbusiness.kz сайты naryk.kz-ке сілтеме жасап.

Комитет дерегінше, 2025 жылдың қаңтар–тамыз айларында бюджетке 4,8 млрд теңге түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 43% көп (2024 жылы – 3,4 млрд теңге).

Майнинг салығының басым бөлігі елордада қалыптасып отыр. Астана: 4,1 млрд теңге (+64% ж/ж, 2024 жылы – 2,5 млрд тг). Алматы: 174,3 млн теңге – көлем аз болғанымен, өсім қарқыны ерекше: бір жылда 9 есеге жуық артқан.

Майнингтен түсетін түсім бірнеше бағыттан құралады: электр энергиясына төлем, қосылған құн салығы (ҚҚС), корпоративтік табыс салығы (КТС), – бұлар дата-орталықтар мен жеке майнерлерден алынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу