Макрон Израильге жұмыс сапарымен келді

269

Ол Газа секторына әкелінген Франция азаматтарының отбасыларымен кездесті.

Макрон Израильге жұмыс сапарымен келді Фото: nv.ua

Бен-Гурион әуежайында Эммануэль Макрон Хамас содырлары өлтірген, сондай-ақ кепілге алған Франция азаматтарының отбасыларымен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Франция президенті Эммануэль Макрон Израильмен ынтымақтастық орнату үшін Тель-Авивке келді.

Бен-Гурион әуежайында француз президенті өлтірілген немесе кепілге алынған және Газа секторына әкелінген Франция азаматтарының отбасыларымен кездесті.

Израиль билігінің хабарлауынша, ХАМАС шабуылы кезінде қақтығыстың шиеленіскен алғашқы күнінде 30 француз өлтірілген. Тағы тоғызы Газада кепілге алынған деп болжануда.

"Біз Израильмен бірге қайғырамыз. 7 қазанда отыз отандасымыз қаза тапты. Тоғыз адам әлі күнге дейін жоғалып кетті немесе кепілге алынды", - деді Эммануэль Макрон.

Сапар барысында Эммануэль Макрон Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен, Президент Итжак Герцогпен, сондай-ақ Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббаспен келіссөздер жүргізеді деп күтілуде.

Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден, Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак және Германия канцлері Олаф Шольц Израильге осындай ынтымақтастық сапарларымен келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу