"Мақат-Солтүстік Кавказ" құбыры Атырау өңірін газбен қамтуға мүмкіндік береді

Құны 99,8 млрд теңгені құрайды. 

"Мақат-Солтүстік Кавказ" құбыры Атырау өңірін газбен қамтуға мүмкіндік береді Фото: astanatv.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір басшысы Серік Шәпкенов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Атырау облысынан 368 шақырым газ құбыры өтіп жатыр. Бұрын Өзбекстанға ресейлік газ Қазақстан аумағы бойынша өтетін. Кейін ол тоқтатылды. Енді ел Президенттерінің келісімі бойынша қайтадан транзитпен газ Өзбекстанға беріліп отыр. Ол елімізге қаржылай түсімдерді ұлғайтуға мүмкіндік беріп отыр", – деді өңір басшысы.

Сондай-ақ мұндай шешім транзиттік әлеуетті арттырып, тапшылық кезде газды пайдалануға септігін тигізеді.

"Тағы бір ірі жоба ол –"Мақат-Солтүстік Кавказ" магистральдық газ құбыры. Құны 99,8 млрд теңгені құрайды. Жобаны "QazaqGaz" компания өз қаржыландырды. Ол Атырау өңірі, Атырау қаласы тұрғындарын тұрақты газбен қамтуға мүмкіндік береді. 130 шақырым қосымша газ құбыры тартылды", – деп мәлімдеді С.Шәпкенов.

Бұл жобаны іске асыру өңірдің газға деген сұранысын қамтамасыз етіп, арнайы экономикалық аймақ қатысушыларына көгілдір отынның үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу