"Макинск – Ақсу – Торғай" республикалық жолын күрделі жөндеу жоспарда жоқ

473

270 шақырымдық жолда күрделі жөндеу болмаған, тек шұңқырлар тегістеліп келеді.

"Макинск – Ақсу – Торғай" республикалық жолын күрделі жөндеу жоспарда жоқ

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетiнің төрағасы Төлеген Абдуллин мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Әрине, сол өңірдің тұрғыны болғандықтан, Макинск-Ақсу-Торғай автожолына алаңдайтындарыңызды түсінемін. Шынымен де жалпы ұзындығы 270 км болатын бұл жол тек ағымдағы жөндеумен келе жатыр. Шұңқырларды тегістеу ғана жүргізілді деп айтуға болады. Өкінішке қарай, күрделі жөндеуге қаражат бөлінген жоқ. Бірақ келесі жылы тағы ағымдағы жөндеуді жоспарлап отырмыз. Бірінші кезекте ең апатты учаскелерге тоқталмақпыз. Ал реконструкциялау әлі жоспарланбады. Себебі қазір қолданыстағы жобаларды аяқтауымыз керек", – деді Абдуллин автожолдардың қысқа дайындығына арналған онлайн жиналыста блогер Артем Сочневтің сұрағына жауап беріп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу