Франция Ресеймен соғысқысы келмейді

568

16 маусымда Драги, Шольц және Макрон Киевке сапарлай барады. 

Франция Ресеймен соғысқысы келмейді

Франция Президенті Эммануэль Макрон Франция мен Еуропалық Одақтың Ресеймен және орыс халқымен соғысқысы келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Франция басшысы Париж Украинадағы әрекеті үшін Мәскеуге қарсы санкция енгізуге шақырғанын сөз етті.

"Бірақ біз бейбітшілік орнатқымыз келеді, яғни белгілі бір уақытта атысты тоқтатып, келіссөздерді қайта бастау керек", – деді ол. 

"Еуропалықтар бір құрлықта орналасқан. Ресей ешқайда кетіп қалмайды, ертең де сол жерде қалады. Ресей – үлкен держава, сондықтан біз орыс халқымен соғысқымыз келмейді", – деді Макрон.

Ескере кететін жайт, 16 маусымда Италия Премьер-Министрі Марио Драги, Германия канцлері Олаф Шольц, Франция Президенті Эммануэль Макрон Киевке сапарлай барады. Олар елдегі ахуалды талқыламақ.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу