Макрон мен Такаичи амандасу кезінде танымал анимедегі ишараны көрсетті

198

Екі ел Таяу Шығыстағы дағдарыс мәселесін талқылады.  

Макрон мен Такаичи амандасу кезінде танымал анимедегі ишараны көрсетті Фото: masa.media

Токиода Франция президенті Эмманюэль Макрон мен Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичи кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Тараптар қол беріп амандасқаннан кейін, Такаичи "Dragon Ball" анимесіндегі басты кейіпкердің танымал ишарасын көрсеткен. Макрон тосылып қалмай, кейін екі саясаткер де езу тартты. Француз көшбасшысы Dragon Ball анимесінің жанкүйері екені айтылады.

Эмманюэль Макрон жасанды интеллект, декарбонизация және қорғаныс өнеркәсібі сияқты салаларда, сонымен қатар пайдалы қазбаларды сатып алу бағытында екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың маңызды екенін жеткізді. Оның айтуынша, екі ел технологиялық инновациялар мен қаржылық инвестициялар саласындағы әріптестік арқылы өзара байланыстарын нығайта алады.

31 наурызда Франция басшысының Азияға сапары басталды. Макрон 2 сәуірге дейін Жапонияда болады, одан кейін Оңтүстік Кореяға мемлекеттік сапармен барады. Осылайша жаңа президент қызметіне кіріскен Сеулге барған алғашқы еуропалық көшбасшы болмақ. Елисей сарайының хабарлауынша, келіссөздерде Таяу Шығыстағы дағдарыс мәселесі негізгі тақырыптардың біріне айналмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу