Макрон мен Зеленский Украинадағы соғысты аяқтау мүмкіндіктерін талқылады

403

Бұл туралы Украина президенті хабарлады.  

Макрон мен Зеленский Украинадағы соғысты аяқтау мүмкіндіктерін талқылады Фото: mirtesen.ru

Эмманюэль Макрон мен Владимир Зеленский Украинадағы соғыс туралы пікір алмасты, деп хабарлайды inbusiness.kz француздық Lindependant басылымына сілтеме жасай отырып.

Соғысты аяқтау жолдарынан басқа, тараптар өзге де мәселелерді талқылады.

"Франция президенті Эмманюэль Макронмен әңгімелесу барысында жеңіл танктер беру туралы серпінді шешім қабылдағаны үшін және Украинаның қорғаныс қабілетін, атап айтқанда, әуе қорғанысының озық жүйелерімен одан әрі нығайтқаны үшін шексіз алғысымды білдірдім. Соғысты аяқтаудағы дипломатиялық қадамдар да талқыланды. Ресейден келген спортшыларға Париждегі Олимпиада ойындарына қатысуға тыйым салынатыны ерекше аталып өтілді", - деп жазды Зеленский өзінің Telegram-арнасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу