Макрон, Шольц және Драги 16 маусымда Киевке барады

499

11 маусымда Bild am Sonntag басылымы маусым айында олардың Украинаға баратынын хабарлады.

Макрон, Шольц және Драги 16 маусымда Киевке барады

Италия Премьер-Министрі Марио Драги, Германия канцлері Олаф Шольц, Франция Президенті Эммануэль Макрон 16 маусымда Киевке сапарлай барады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Италия Премьер-Министрі Израильге жасаған сапарының нәтижесін осы басқосуда талқыламақ. Ол Израиль Премьер-Министрі Нафтали Беннетпен, сондай-ақ Президент Ицхак Герцогпен кездеседі. Сонымен қатар Драги Палестина Премьер-Министрі Мұхаммед Штайермен жүздесуді жоспарлап отыр. Үкімет басшысы Израильдегі сапарында Украинадағы қақтығысты және энергетика саласындағы ахуалды талқылайды.

11 маусымда Bild am Sonntag басылымы маусым айында олардың Украинаға баратынын хабарлады.

Газетте олардың Киевке қару-жарақ жеткізу және Украинаның Еуропалық Одаққа кіруге үміткер мәртебесін алу туралы өтініші бойынша келіссөздер жүргізетінін жазылған болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу