Макрон, Шольц және Драги Киевке келді

596

Олар Зеленскиймен кездеседі.

Макрон, Шольц және Драги Киевке келді

Германия канцлері Олаф Шольц, Франция президенті Эммануэль Макарон және Италия премьер-министрі Марио Драги Украинаға келді, деп хабарлайды inbusiness.kz Италияның RaiNews24 арнасына сілтеме жасап.

Германия, Италия және Франция басшыларының Украинаға баратыны туралы неміс газеті Bild am Sonntag хабарлаған еді. Сапар барысында олар Украина президенті Владимир Зеленскиймен келіссөздер жүргізеді. Жергілікті БАҚ үш елдің Киевке қару-жарақ жеткізу және Украинаның Еуропалық Одаққа кіруге үміткер мәртебесін алу туралы өтініші бойынша келісссөздер жүргізетінін жазған болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу