Макрон Украина шекарасындағы жағдайды реттеуге үндеді

571

Ол Путинмен келіссөз жүргізуді жоспарлап отыр.  

Макрон Украина шекарасындағы жағдайды реттеуге үндеді

Франция президенті Эммануэль Макрон Ресейді Украина шекарасындағы шиеленісті реттеуге үндеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы CBS телеарнасына сілтеме жасап.

"Менің ойымша, бұл жағдай қисынсыз. Сондықтан Ресей жағдайды ушықтырмауы керек. Қазіргі жағдай мен шиеленістің деңгейі бізді алаңдатып отыр", – деді Франция президенті.

Бұған дейін Макрон Ресей президенті Владимир Путинмен жақын арада келіссөз жүргізуге ниет білдірген болатын. Ол Минск келісімдерін сақтау керектігін айтып, Украинаның оңтүстік-шығысындағы шиеленісті реттеу жолын табатынын мәлім етті.
Еске сала кетсек,The New York Times басылымы Ресей Федерациясының 4 мыңға жуық әскериі Украинамен арадағы шекараға жиналғанын хабарлаған еді. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде Ресей Брянск, Воронеж және Ростов облыстарына, сондай-ақ Қырымға қосымша әскер жіберіп жатқандығы туралы хабарламалар пайда бола бастады.

Украина қарулы күштерінің бас қолбасшысы Руслан Хомчак Украинаның мемлекеттік шекарасы мен уақытша оккупацияланған территорияларында Ресейден келген 28 батальондық-тактикалық топ бар екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресей "Батыс-2021" жаттығуларына дайындық аясында Украинаның шекараларына тағы 25 қосымша батальондық-тактикалық тобын жіберуді жоспарлап отырған көрінеді. Хомчак бұл қадам мемлекеттің әскери қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін басып айтты.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу