Макрон жақын арада Путинмен сөйлеспекші

478

Франция президенті Эммануэль Макрон МАГАТЭ басшысы Рафаэль Гросси мен Владимир Зеленскиймен сөйлескеннен кейін, Ресей президенті Владимир Путинмен сөйлесу жоспарын қайта жариялады. 

Макрон жақын арада Путинмен сөйлеспекші Фото: cdn.ren.tv

Бұл туралы Макрон LCI телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды іnbusiness.kz.

"Мен онымен әлі сөйлескен жоқпын, бірақ МАГАТЭ Бас директоры мен Президент Зеленскиймен сөйлескеннен кейін онымен де хабарласу қажет болады, өйткені біздің келесі әңгімеміздің тақырыбы Украинадағы ядролық қауіпсіздік пен азаматтық инфрақұрылымның қауіпсіздігі, әсіресе Запорожье АЭС туралы болады. Егер ол кезде басқа тақырыптар туындамаса, жоғарыда айтқандарым бірінші кезектегі мәселе болады", — деді Макрон.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу