Мақтаарал ауданына 200 тоннаға жуық азық-түлік жеткізілді

664

Су тасқынынан зардап шеккен мақтааралдықтарға жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр.  

Мақтаарал ауданына 200 тоннаға жуық азық-түлік жеткізілді

Жомарт жүректі азаматтар еліміздің түкпір-түкпірінен қаржылай және гуманитарлық көмек жолдауда, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, қазірдің өзінде Атакенттегі арнайы дайындалған қоймаға 200 тоннаға жуық азық-түлік қоры жиналды. Ұн, күріш, май және киім-кешек пен күнделікті қолданысқа қажетті заттар Мақтаарал ауданындағы 12 эвакуациялық орталыққа жайғастырылған тұрғындарға күнделікті таратылуда. Сондай-ақ, туған туыстарының үйін уақытша паналап жүрген азаматтарға азық-түлік Атакенттегі № 9 жалпы орта мектебі мен В. Камаров атындағы мектепте үлестірілуде.

Жамбыл облысы Мырзашөл халқына алғаш болып 30 тоннаға гуманитарлық көмек алып келген болатын. "Халық банкінің" "Халық" қоры 50 тонна, "Nur-Otan" партиясы 40 тонна азық-түлік жеткізді. Ал, Түркістан облыстық мәслихаты мен аудандық мәслихат депутаттары тарапынан 21 млн. теңгеге қажетті заттар алынып, тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсетіліп отыр.

Арыс, Бәйдібек, Төлеби, Қазығұрт, Сарыағаш, Шардара, Келес, Отырар, Түркістан және Сайрам аудандардың әрқайсынан 5-10 тоннаға көлемінде азық-түлік жеткізілді. Таяу күндері Мақтаарал ауданының халқына Павлодар, Қызылорда, облыстарынан да көмек келмекші.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу