Мақтаарал ауданында бесінші елдімекенді су басуда

1080

Осы уақытқа дейін төрт ауыл су астында қалған еді.  

Мақтаарал ауданында бесінші елдімекенді су басуда

Қазіргі уақытта Түркістан облысы Мақтаарал ауданында төрт ауыл су астында қалды. Олар Жеңіс, Жаңа тұрмыс, Фирдоуси ауылы мен Өргебас елдімекендері, деп мәлімдеді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов онлайн-брифинг барысында.

"Нақтырақ айтсақ Жаңа тұрмыс ауылында 46 үй, Жеңіс елдімекенінде 130 үй,  Фирдоуси ауылында 250 үй, Өргебас елдімекендерінде 194 үй су астында қалды. Сонымен қатар тағы бір ауылды су басып жатыр деген ақпарат бар. Оны нақтылап кейінірек айтамыз. Сонда су басқан ауылдар саны беске жетуі мүмкін", – деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары. 

Төрт ауылда жалпы саны 620 үйді су басқан. Тұрғындарға 22 эвакуациялық орын әзірленді. 

"Онда орналасқан адам саны 1 мыңға жуық. Негізі 10 мыңнан астам адамды эвакуациялауға жібердік. Бірақ олар шекаралас ауылдардағы туған-туыстары мен достарының үйлеріне барған. Біраз адам Шымкент қаласына кетті. Олар су деңгейінің түскенін күтіп отыр. Ал эвакуациялық бөлімдерде 120 медициналық маман көмек көрсетуде", – деді ол. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу