Мақтаарал ауданының "Өргебас" елдімекенін су басуда

1470

Тұрғындардың барлығы эвакуацияланды. 

Мақтаарал ауданының  "Өргебас" елдімекенін су басуда

Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметінің хабарлауынша, 3 мамыр күнгі таңғы 5.00-ден бастап, 250 үйі суға батқан Фердоуси ауылы бағытынан Жаңажол ауылдық округінің "Өргебас" елдімекеніне қарай су келе бастады.

Екі ауылдың ара қашықтығы 3 шақырым.

Таңғы 8.00-де "Өргебас" елдімекенінің 194 үйі су астында қалды. Тұрғындардың барлығы (1451 тұрғын) эвакуацияланды. Көшіру барысында зардап шеккендер жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу