Мақтаарал: Өргебас тұрғындары үйлерін салуға кірісті

800

Ауыл тұрғындарының әрқайсысына ҚР Үкіметі резервінен 17 млн теңге беріледі. 

Мақтаарал: Өргебас тұрғындары үйлерін салуға кірісті

Мақтарал ауданындағы Өргебас ауылының тұрғындары судан зақымданған үйлерін сүріп, құрылыс жұмыстарына кірісіп кетті, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. Ауыл тұрғындарының әрқайсысына ҚР Үкіметі резервінен 17 млн теңге беріледі. Айта кетерлігі ауылда жалпы 190 үй бар, бүгінде 168 үй иесіне 8,5 млн теңге аударылған. Қалған отбасылармен келісімшарт жасалуда. Жалпы сома 3 бөлікпен аударылатын болады.

Қазіргі таңда Өргебас ауылында 118 үй сүріліп, 35 үйдің іргетасы қаланып жатыр. Сондай-ақ, 3 үйдің дуалы өрілуде.  

Сонымен қатар, Ә.Усманов қорының 1000 долларлық жәрдемақысын ауылдың 105 жанұясы алған, ал қалған отбасылардың құжаттары рәсімделуде. Ауылдағы үйлерді сүру, құрылыс қоқыстарын тазарту және құрылыс жұмыстарына 9 техника, 54 жұмысшы жұмылдырылған. Алдағы уақытта жұмыс күші көбеймек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу