Мақтааралда 90 мың тоннадан астам мақта жиналды

642

Мақтааралдық диқандар биыл 60,9 мың гектар жерге егістік ексе, оның 35,8 мың гектары мақта дақылына тиесілі. Қазірге дейін 91 271 тонна ақ алтын алынып, орташа өнімділік 26 центнерді құрап отыр. Бұл туралы Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Мақтааралда 90 мың тоннадан астам мақта жиналды

Жиын-терім жұмыстарының 82,2%-ы машина көмегімен, 17,8%-ы қол күшімен жиналуда.

"Мақтаарал ауданы мақтамен ғана емес, қауын-қарбыз өсірумен де танымал. Биыл 16 416 гектар жерге бақша дақылы егіліп, 409 267 тонна өнім алынды. Атап айтқанда, мақтааралдық диқандар гектарына есептегенде орташа 249 центнерден қауын-қарбыз жинаған. Сонымен қатар бұл жылы диқандарымыз 2 772 гектар жерге күріш дақылын егіп, қазірдің өзінде 16 539 тонна өнім жинап үлгерді. Бұдан бөлек, 500 гектарға көкөніс дақылы егіліп, қырыққабат пен қызылшадан 20 048 тонна өнім өндірілген", – дейді Бақыт Насырханұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу