Мақтааралда логистикалық орталықтың құрылысы жүріп жатыр

267

Түркістан облысындағы аграрлы аудан саналатын Мақтааралда шаруалардың өнімін сақтап, әрі қарай сату үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында қолға алынған жобаға 9 гектар жер телімі қарастырылған. 

Мақтааралда логистикалық орталықтың құрылысы жүріп жатыр

Орталықта жаңа үлгідегі жеміс-жидек сақтау және уақытша сұрыптау қоймалары, мұздатқыш камера мен жүк көліктеріне арналған тұрақжай, техникалық қызмет көрсету стансасын салуға жалпы құны 1 миллиард теңгеге жуық инвестиция тарту көзделген, деп жазады облыстық әкімдіктің ресми сайты.

Алдағы уақытта автопаркинг, электронды таразы, жүк сақтау қоймалары, тұрақжай, құжаттандыру орталығы, қонақ үй, асхана, сауда үйі, авто жуу орны салынатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу