Мақтааралдық 1820 бала республикалық лагерлерьде демалады

798

Қазір 600 бала демалыс орындарына аттанды. 

Мақтааралдық 1820 бала республикалық лагерлерьде демалады

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Дулат Жекебаев мәлімдеді. 

"Түркістан облысында су басқан аймақтарда тұратын 1820 бала республикалық лагерьде демалады. Лагерлердің жалпы саны - 10. Олар педагогикалық университеттерге қарасты демалыс аймақтары және "Балдәурен – Қапшағай", "Балдәурен – Түркістан", "Бөбек" орталықтары, сондай-ақ Түркістан облысының сыртындағы лагерьлер. Қазірдің өзінде демалыс орындарына 600 бала аттанды. 15 маусымда тағы 1073 бала лагерлерьге орналастырылады", – деді Дулат Жекебаев. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу