Мақтааралдық диқандар қызылша егуді бастады

754

Шетелден "Павло", "боро", "водан F1" сұрыптары әкелініпі. Екі жарым айдан кейін өнім бере бастайтын көкөністің бұл түрінен гектарына 25-30 тонна өнім алуға болады екен.

Мақтааралдық диқандар қызылша егуді бастады

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының диқандары қызылша егуді бастады, деп хабарлайды  Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазіргі таңда 10 гектарға қызылша тұқымы егілген.

А.Қалыбеков ауылдық округінің диқандары былтыр ерте көктемде өнім алып, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларына сатып, сондай-ақ Ресейге экспорттаған. Шаруалар өнімін биыл да экспортқа бағыттамақ.

Аталған ауылдық округте 4632 гектар егістік жер бар. Бақша өнімдерін өндірумен аты шыққан округ былтыр экспортқа 200 мың тоннаға жуық қауын-қарбыз шығарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу