Мақтан үшін сағатына 165 шақырым жылдамдықпен жүрген алматылық жазаланды (Видео)

576

Бұл видеосын ол желіге жүктеген.  

Мақтан үшін сағатына 165 шақырым жылдамдықпен жүрген алматылық жазаланды (Видео)

Алматы тәртіп сақшылары интернет кеңістігін бақылау кезінде "Mercedes", "Toyota Camry" және "Cadillac Escalade" көліктерінің жүргізушілері жол ережелерін өрескел бұзып, бұл әрекеттерін мақтану үшін желіде жариялағанын анықтады. 

"Дереу анықтау шаралары жүргізіліп, нәтижесінде құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда, "Mercedes-Benz" көлігін тізгіндеген А.есімді 2000 жылы туған ер адам көлігіне арнайы жарық және дыбыстық дабыл беру құрылғысын заңсыз орнатқан. Ол жақында ұсталды. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚбК-нің 230-бабы 2-бөлігі, 592-бап 3-бөлігі, 595-бап 1-бөлігі, 601-бап 2-бөлігі, 603-бап 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды", – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.

Ал "Cadillac Escalade" автокөлігін басқарған 2001 жылы туған Ж. есімді азамат анықталды. Ол да арнайы құрылғыны жарық және дыбыстық дабыл беру үшін заңсыз пайдаланған. Сондықтан ҚР ӘҚбК-нің 230-баптың 2-бөлігі, 590-баптың 1,7,9-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

"Көлігін сағатына 165 шақырым жылдамдықпен тізгіндеп, әлеуметтік желі арқылы мақтанған "Toyota Camry" жүргізушісіне қатысты да әкімшілік шаралар қолданылды. Жол қозғалысына қатысушыларға жол ережелерін қатаң сақтау туралы, қала жолдарындағы мәдениеттің деңгейін көтеру және жазаның бұлтартпас қағидаты туралы тағы бір рет еске салғым келеді. Сонымен қатар, қоғамдық белсенділік танытып, заң бұзған жүргізушілер туралы хабар беріп, сол арқылы жалпы жол қауіпсіздігі мәселелеріне немқұрайлы қарамайтын азаматтарға алғыс айтамын", – деп қорытындылады Жандос Мұраталиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу