Мал азығы тиелген 38 вагон Қостанайдан Түркияға жол тартты

1018

Мал азығы тиелген 38 вагон Қостанайдан Түркияға жол тартты

Қостанай облысынан Түркияға тұңғыш рет теміржол арқылы жүк жөнелтілді. Мал азығы тиелген 38 вагон осылайша жаңа нарыққа жол тартты, деп хабарлайды 24.kz.

Мұның ізін ала бидай мен ұн, өзге де ауылшаруашылық өнімдері экспортталады деп жоспарланып отыр. Бұл жөнінде ұзақ мерзімді келісімшарттарға да қол қойылған.

Жаңа тасымал бағыты қашықтықты 900 жүз шақырымға дейін қысқартып, шығынды азайтады, уақытты үнемдейді. Жүк вагондары бос қайтпайды, импортттық тауарларды ала келеді.

"Құрық портына дейін екі тәулік кетеді. Одан әрі жүк пароммен кемеге тиеліп, Түркияға жол тартады. Біз бір жарым апта ішінде  жүкті тиісті станцияға жеткіземіз деген ойдамыз. Жөнелтілім құжаттары ағылшын және орыс тілінде толтырылады. Бұл порттардан өту барысында кеден операцияларын ресімдеуді жеңілдетеді", - деді Қостанай жүк тасымалдау бөлімі директорының орынбасары Ғани Есенбаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу