Әкімдіктің лауазымды тұлғалары "Прокуратура туралы" Конституциялық заң талаптарын бұзды

354

Қызылорда облысы әкімдігіне қарасты екі басқарманың лауазымды тұлғалары "Прокуратура туралы" Конституциялық заңның талаптарын бұзғандары үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды. 

Әкімдіктің лауазымды тұлғалары "Прокуратура туралы" Конституциялық заң талаптарын бұзды Фото: pixabay.com

Облыс прокуратурасы мал жаюға арналған жайылымдардың жетіспеушілігіне талдау жасап, нәтижесінде мал санының статистикасын қалыптастыру барысында бұзушылықтарға жол берілгенін анықтады.

Аталған дерек бойынша прокуратура облыстың ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына ұсыну енгізді. Дегенмен осы басқарманың басшысымен қадағалау актісіне уақытылы жауап берілмегендіктен, ол сотпен ҚР ӘҚБтК-нің 664-бабымен әкімшілік айыппұл түріндегі жауаптылыққа тартылды.

Өзге жағдайда Қызылорда облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Табиғат қорғау прокуратурасының тексеруге қажетті құжаттарды ұсыну туралы талабына немқұрайлылықпен қарап, прокурордың заңды талабын орындамаған.

Аталған әрекет үшін басшысы сот қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 665-бабының 2-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған 172 мың теңге айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу