Мал шаруашылығы саласындағы инвестициялар көлемі бір жылда 26 пайызға өскен

753

Сектордағы жалпы өнім шығарылымы 1,4%-ға артты.

Мал шаруашылығы саласындағы инвестициялар көлемі бір жылда 26 пайызға өскен

2022 жылғы қаңтар-мамыр айларында мал шаруашылығы саласындағы негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 54,9 млрд теңгені құрап, алдыңғы жылға қарағанда 32,1 пайызға (физикалық көлемнің нақты өсуі – 26,4%) ұлғайды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz мәліметіне сүйеніп.

Жалпы агроөнеркәсіптік кешен сегментіндегі инвестициялардан мал шаруашылығына құйылған күрделі жұмсалым үлесі 27,4%-ды құрады. Мысалы, 2021 жылдың баламалы кезеңінде аталған саладағы күрделі салым бір жылдың ішінде 19,1 пайызға, яғни 41,6 млрд теңгеге дейін өсті.

Мал шаруашылығы саласындағы күрделі салымдардың негізгі көлемі кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен қамтамасыз етілген. Инвестициялық портфельдің 70,7%-ы немесе 38,8 млрд тг (жылдық өсім 18,4%-ды құрайды).

Банк қарыздары есебінен инвестициялар көлемі 8,2 млрд теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 3,4 есеге артып отыр. Қалған 7,9 млрд теңге банктік емес қарыз қаражатына келіп, бір жылда 24 пайызға өсті.

Осы жылғы 5 ай қорытындысы бойынша мал шаруашылығының жалпы шығарылымы 1,2 трлн теңгені құрап, былтырғы жылға қарағанда 1,4%-ға артты. 

Өңір бойынша айтатын болсақ, жоғары нәтижелерге Алматы облысы қол жеткізді – 184,3 млрд теңге, бір жылда 3%-ға артты. Үздік үштікке Түркістан облысы (158,5 млрд тг, бір жылда 1,4%-ға артық) және Шығыс Қазақстан облысы (149,8 млрд тг, бір жылда 5,2%) кіреді.

2022 жылдың 1 маусымы бойынша еліміздегі ірі қара мал басының саны 10,1 млн-ды құрап отыр. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 4,4 пайызға артық. Оның ішінде сиыр саны 4,3 млн басты құрап, бір жыл ішіндегі өсім 4,7%-ға жетті.

Қой басы 3,7 пайызға өсіп, 24,9 млн-ға дейін жетті, жылқы басы 10,8%-ға ұлғайды (4,1 млн бас), түйе басы 6%-ға артты (276,9 мың бас), құс саны 1 пайызға өсіп, 48,7 млн-ға жетті. Десек те, ешкі басы бір жылда 0,8%-ға азайып, 3,2 млн басты құраса, шошқа басы 5,7 пайызға кеміп, 931,9 мың басты құрап отыр.

Бұдан бөлек, мал шаруашылы саласының мамандары бұл сектордағы жағдай қиындағанын атап өтті.

Олардың мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстандағы 19 млн адамға 8 млн-нан астам ірі қара малдан келеді.

Елімізде тірі және асыл тұқымды малды экспорттауға тыйым салынған. Бұл ішкі нарықтағы тапшылықтың пайда болу қаупімен түсіндіріледі.

Мемлекеттік реттеу фермерлікке кедергі келтіріп, мал шаруашылығының тиімділігінің жоғалуына әкеледі. Қазақстан Республикасындағы Ет одағының деректеріне сәйкес ет бағасының тұрақты өсуі кезінде фермерлерден тірі малды сатып алу бағасы экспортқа тыйым салынғаннан кейін әлі бір орнында тұр. Яғни шамамен алғанда бір кг тірі салмақ үшін 700 теңгені құрайды.

Лайықты өткізу нарығы болмағандықтан табыс та жоқ. Фермерлер бүгінгі таңдағы өзекті мәселе мал шаруашылығын дамыту емес, бұл саланы аман алып қалу екендігін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу