Малайзияда Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

318

Алматы Малайзиядағы ірі туристік көрмеге алғаш рет жеке павильонмен қатысты.  

Малайзияда Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді Фото: Almaty_akimdigi telegram

Куала-Лумпурда MATTA Fair 2026 халықаралық туристік көрмесі аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Үш күн ішінде Алматының туристік павильонына 10 мыңнан астам адам келген.

Алматы Малайзиядағы ең ірі туристік көрмеге алғаш рет жеке павильонмен қатысты. Келушілерге қазақ музыкасы мен биі ұсынылып, ұлттық тағамдар мен кәдесыйлар таныстырылды. Мәдени-гастрономиялық бағдарлама қорытындысында Алматы павильоны үздік мәдени бағдарлама номинациясында марапатқа ие болды.

Көрме аясында Almaty Tourism Day ұйымдастырылып, Қазақстан мен Малайзияның 50-ден астам туристік компаниясы арасында келіссөздер өтті.

Сондай-ақ Алматы қаласының Туризм басқармасы мен Малайзияның туристік және туроператорлық агенттіктер қауымдастығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу