Малайзияда өткен Азия чемпионатында гимнасшылар үздік өнер көрсетті

714

Малайзия астанасы Куала-Лумпурда эстетикалық топтық гимнастикадан алғашқы Азия чемпионаты аяқталды.

Малайзияда өткен Азия чемпионатында гимнасшылар үздік өнер көрсетті Фото: inbusiness.kz

Куала-Лумпурда алғаш рет өткен эстетикалық топтық гимнастикадан Азия чемпионатына  Қазақстан ұлттық құрамасы 8 жастан 16 жасқа дейінгі барлық санаттарда жүлделі орын алды, деп жазады inbusiness.kz.

Марапаттау салтанатында еліміздің Әнұраны 5 рет шырқалды. Әр санаттағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер арасында елімізден 2 командадан болды. Байқауда 6 медаль жиынтығы ойнатылды. Екі күндік жарыс қорытындысы бойынша "16 жастан асқан әйелдер" санатындағы Азияның сөзсіз чемпиондары атағын Шымкенттен қатысқан "Кармелита" командасының гимнасшылары жеңіп алды. Осы санаттағы күміс жүлде алматылық "Кербезге" бұйырды.

"14-16 жас аралығындағы жасөспірімдер" тобында Астанадан "Самұрық" командасы алтынды еншілесе, "Sunrise Алматы" командасының гимнасттары күміс жүлдегер атанды

"12-14 жастағы балала" санатында Лиэль командасы Азия чемпиондары атанды, елордалық "Алан-Томирис" командасының спортшылары үшінші орынды, "10-12 жастағы балалар" санатында Алматыдан Diamonds командасы бірінші орынды, Астанадан "Алан-Рио" командасының гимнасттары күміс жүлдені иеленді.

"8-10 жастағы балалар" тобында Renaissance Алматы командасының спортшылары чемпион атанды, Шымкенттен келген Амбрель командасы күміс жүлдегер атанды, ал "Микс 16 жас және одан жоғары" санатында Алматының "Виал Микс" командасының қыздарына күміс жүлде бұйырды.

Айта кету керек, эстетикалық гимнастика - бұл көркем гимнастика, би және акробатика элементтерін біріктіретін синтетикалық спорт түрі. Белсенді билей жүріп музыканың жалпы сипатын жеткізу және қозғалыстарға тұтастық, бірлік, еркіндік және сұлулық секілді әртүрлі эмоционалды бояу беру. Оны Қазақстанда 2018 жылдан бастап Қазақстандық эстетикалық топтық гимнастика федерациясы насихаттап келеді. Бұл спорт түрі Ұлттық Олимпиада комитетімен мойындалған әрі Мәдениет және спорт министрлігімен аккредиттелген, халықаралық эстетикалық топтық гимнастика федерациясының құрамына кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу