Мальдив Республикасының жоғарғы соты президентті биліктен аластатпақ

826

Мальдив Республикасының жоғарғы соты президентті биліктен аластатпақ

Мальдив Республикасындағы саяси ахуал ушығып барады. Елдің жоғарғы соты президент Абдулла Яминді биліктен аластатпақ. Өйткені ол оппозициялық топты жақтайтын депутаттарды босатуға қарсы шыққан, деп хабарлайды 24.kz.

Дегенмен мемлекеттің бас прокуроры жоғарғы соттың мұндай шешім шығаруға құқығы жоқ екенін жариялап, әскерилер мен халықты сот төрелерінің сөзіне құлақ аспауға шақырды. 

Айта кету керек, бүгінде Малдивте билік үшін талас-тартыс күшейген. Бірер күн бұрын жоғарғы сот қамауда отырған бұрынғы президент Мохамед Нашидті айыптан ақтып, бостандыққа шығарды. Енді ол биыл өтетін президент сайлауына қатысуға құқылы. Сонымен қатар сот оппозицияның қамауда отырған 12 депутатын босатып, барлығына өз мандаттарын қайтарды.

Сарапшылардың айтуынша, оппозициялық блоктың парламенттегі басымдығы артты. Енді олар президентке импичмент жариялауы да ғажап емес.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу