Малиде жүк тасымалдайтын ұшақ апатқа ұшырады

393

Оқиға 23 қыркүйекте болған.

Малиде жүк тасымалдайтын ұшақ апатқа ұшырады Фото: 24 канал

Малидің Гао қаласында жүк тасымалдайтын ұшақ әуежайға қону кезінде апатқа ұшырады. Оқиға 23 қыркүйекте болған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан ұшақтың қонуға кезінде ұшу-қону алаңынан шығып кеткенін көруге болады. Салдарынан лайнер төңкеріліп, артынша өрт шыққан.

Шетелдік басылымдардың мәліметінше, ұшақ Малидің әскери әуе күштеріне тиесілі екен. 2018 жылы бұл қырғызстандық Sapsan Airline әуекомпаниясының меншігінде болған. Тағы бір БАҚ өкілдері Ил-76 аппараты ЧВК "Вагнерге" қатысы барын жазған.

Malijet басылымының мәліметінше, әуекемесінің багында ақау болған, соның салдарынан ұшақ апатқа ұшыраған. 

Апат салдарынан қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу