Маман табысыңды тиімді басқарудың бес жолын атады

672

Бұл туралы "KMF-Demeu" Қорының бас директоры Әсел Шегебева айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Маман табысыңды тиімді басқарудың бес жолын атады

"Бірінші кезекте шығын мен табыс есебін жүргізу керек. Бұл кірісіңді еселеудің ең негізгі жолы. Айлық бюджет жасау арқылы, қаржылық жоспар құруға болады. Сол арқылы айына қанша ақша жұмсайтыныңды, алда қандай шығындар бар біліп жүресің. Осылай барлық мақсатымызға қаржы қарастыра аламыз", – деп түсіндірді спикер. 

Әсел Шегебеваның айтуынша, табысыңды арттырып, қомақты қор жинаудың тағы бір жолы ай сайынғы жалақыңның кемінде 10%-ын депозитке салып отыру. 

"Бұл тұста ақша жинау түсінігі қандай да бір мақсатқа негізделу керек. Мақсатсыз ақша жинау дұрыс емес. Маңыздысы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржылық мақсаттың болуы. Мәселен саяхатқа баруды жоспарлап жүрсеңіз оған несие алудың қажеті жоқ. Алдын ала мақсатты түрде керекті соманы жинауға болады", – деді спикер. 

Ал үшінші қадам тек шығындардың есебін жүргізу. 

"Сол арқылы ай сайын артық шығындарыңды аңғаруға болады. Ал ақша жинауда көпшілік жасайтын қателік – бұл дұрыс қаржылық әдет қалыптастырмау. Сол арқылы біз өзімізне шын мәнінде керек емес заттарды сатып алып жатамыз. Осылайша акциялар мен жеңілдіктер, маркетингтік шаралардың жетегінде кетеміз. Тағы бір айта кететінім, тапқан табысыңнан азырақ ақша жұмсап үйрену керек. Ал егер бәрі керісінше болса тапқаның өзіңнен артылмай, қарызға өмір сүресің", – деді спикер. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу