Мамандандырылған мектептер еліміздің барлық аймағында ашылған

575

Қазақстанда мамандандырылған мектеп саны 134-ке жетті. 

Мамандандырылған мектептер еліміздің барлық аймағында ашылған Фото: tengrinews.kz

Оқу жылының басынан бері бұл мектептерде 72 мыңнан астам оқушы білім алып жатыр. Дарынды балалармен 8 мыңнан астам педагог жұмыс істейді, деп жазады inbusiness.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл білім ошақтарына түсу үшін балалар арнайы сынақ тапсырады. Сонымен қатар биыл Балалар жылында алғаш рет әлеуметтік осал топтан шыққан балаларға ерекше мүмкіндіктер жасалды.

134 мектептің 94-і жаратылыстану-математика бағытында, 6 мектеп қоғамдық-гуманитарлық бағытта, 8-і көпсалалы, 5-еуі әскери спорт, 6-уы музыкалық-эстетикалық бағытта жұмыс істейді. 95 мектепте интернат үйлері бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу