Мамандар арасында авиация инженерлері өздерін жоғары жалақы алуға лайық көреді

615

Олар өз түйіндемелерінде жалақыны 3,3 млн теңге айналасында көрсетеді.

Мамандар арасында авиация инженерлері өздерін жоғары жалақы алуға лайық көреді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, шілде айында Электрондық еңбек биржасында 70,6 мың түйіндеме орналастырылған.

Өңірлік бөліністе ізденушілер тарапынан белсенділік негізінен Жамбыл (5,5 мың түйіндеме) және Ақтөбе (4,7 мың түйіндеме) облыстарында – 3 есеге жуық, Шымкент қаласында – 2 еседен астам (6 мың түйіндеме), Алматы қаласында – 1,8 есе (3,5 мың түйіндеме) өсті.

Өткен аймен салыстырғанда түйіндеменің жалпы саны мұғалімдерден 2,3 есеге (2,8 мыңнан 6,5 мыңға дейін түйіндеме), заңгерлерден – 1,7 есеге (677-ден 1143 түйіндемеге дейін) және тәрбиешілерден 1,6 есеге (609-дан 990 түйіндемеге дейін) өсті.

Сұратылған жалақының ең жоғары мөлшерін көбінесе өз түйіндемелерінде авиация инженерлері арасындағы ізденушілер көрсетеді – 3,3 млн теңге, жоғары буын басшылары – 2 млн теңге, бас аудиторлар, ғарыш инженерлері, бас директорлар – 1 млн теңгеден астам. Ал жұмыс берушілер ұшқыштарға орташа есеппен 900 мың теңге, бас құрылысшыларға – 700 мың теңге, жөндеу – механикалық шеберханасының меңгерушілеріне және бұрғылау жөніндегі супервайзерлерге – 600 мың теңге еңбекақы төлеуді ұсынады.

Жұмыс іздеушілер тарапынан белсенділіктің өсуіне және жұмыс берушілерден сұраныстың төмендеуіне қарамастан, кейбір кадрларға жалпы тапшылық айқын. Біліктілігі төмен ізденушілер тарапынан байқалып отырған қызығушылықтың бәсеңдеуі маусымдық жұмыстармен байланысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу