Мамандар менингокок жұқпасына байланысты бетперде тағып жүруге кеңес берді

1113

Мамандар менингокок жұқпасына байланысты бетперде тағып жүруге кеңес берді

Алматыда дәрігерлер менингокок жұқпасының ушығып тұрғанына алаңдаулы, деп хабарлайды Қазақпарат.

Мамандар алғашқы белгілері көрініс бере бастағанда жедел жәрдем шақыруға кеңесбереді.

"Тұрғындар арасында менингокок жұқпасының өршуіне байланысты алғашқы белгілері: тамақтың жыбырлауы, ауыруы, бас ауруы, қызу көтеріліп жайсыздық болған жағдайда жедел жәрдем шақырған жөн", - деді қалалық қоғам денсаулығын қорғау департаментінен.

Осыған байланысты қалада емханалар таңғы сағат 08:00-ден кешкі 20:00 дейін үзіліссіз жұмыс істейтін болады.

Қазір екі ауруханада 24 адам менингокок жұқпасынан емделіп жатыр. 6 адамға клиникалық диагноз қойылды. Дәрігерлер науқастардың жағдайы жақсы деп бағалап отыр.

"Ауруханаға дер кезінде қаралмаған жағдайда адам өліміне әкелуі мүмкін. Сондықтан, адам көп шоғырланған жерлерге барған кезде гигиеналық талаптарды сақтау маңызды. Мешіттерге барғанда бетперде тағып жүрген жөн", - деді мамандар.

Менингококк инфекциясы - бактериялар қоздыратын жіті инфекциялық ауру. Сырқаттың жұғу симптомы сезілмейді, назофарингит (мұрын және жұтқыншақ қабынуы), менингит (ми қабықтарының қабынуы) және менингококк сепсисі (қан зақымдануы) секілді түрлі клиникалық белгіде өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу