Талғар ауданының білім бөлімі 83 мұғалімнің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты төлемдерін заңсыз ұстаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты аудандық прокуратураға сілтеме жасап.
"Бұл ұстаздар заң бойынша мұндай төлемдерден босатылған.
Олардың арасында көпбалалы аналар, мүгедектер, магистратура және докторантура студенттері бар. Сондықтан төлем ұстауға негіз жоқ", – делінген хабарламада.
Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде мұғалімдердің құқықтары қорғалып, ұсталған сомалар толық көлемде қайтарылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу