МӘМС қаржысы депозитте жатқаны рас па: Жоғары аудиторлық палата тексермекші

452

Аудиторлік іс-шара қордың өзінде, сондай-ақ, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан 20 өңірлік филиалда жүргізіледі.

МӘМС қаржысы депозитте жатқаны рас па: Жоғары аудиторлық палата тексермекші Фото: Ашық дереккөзден

Медициналық сақтандыру қоры жиналған қаражатты депозитке салғаны рас па, жоқ па? Жоғары аудит палатасы бұл істі назарға алып, жіті тексеріп шықпақшы, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Аудиторлік іс-шара қордың өзінде, сондай-ақ, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан 20 өңірлік филиалда жүргізіледі.

"Қордың медициналық қызметтерге ақы төлеуге арналған уақытша бос активтерінің бір бөлігі Үкіметтің 2016 жылғы 14 сәуірдегі №210 қаулысының және Қордың Ұлттық банкпен жасасқан сенімгерлік басқару шартының талаптарына сәйкес қаржы құралдарына орналастырылуы мүмкін. Қолданыстағы заңнама шеңберінде жұмыскерлер мен дара кәсіпкерлердің жарналарынан, сондай-ақ жұмыс берушілердің екінші деңгейдегі банктерге өзге де аударымдарынан қорға түсетін қаражатты орналастыру үшін нормативтер жоқ", - делінген ҚР Жоғары аудиторлық палатасы жауабында.

Негізі заң талаптары бойынша қор қаржыны екінші деңгейлі банктерге орналастыра алмайды. Тек ұлттық банктен шот ашып, сонда салуына рұқсат. Ал Қаржы институты тек ақшаның сақталуын қамтамасыз етеді.

Айта кетейік, Медциналық сақтандыру қорына қатысты аудит жүргізілетінін Наталья Годунова бүгін Мәжілісте де айтты. Тексеріс жыл аяғында басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу