МӘМС қорына түскен жарна мен аударым сомасы 2,39 теңгеден асты

840

МӘМС қорына түскен жарна мен аударым сомасы 2,39 теңгеден асты

2017 жылдың 17 тамызын қоса алғанда, қорға түскен міндетті медициналық сақтандыру жарналары мен аударымдарының жалпы сомасы 2,39 млрд теңгеден асты. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.

Ал, тамыз айының басынан бері Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ҚР Ұлттық банкіндегі шотына 1,59 млрд теңгеден астам қаржы түскен.

Түскен түсімдердің 69,1% жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған аударымдары болса, қалған 30,9% - жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт (АҚК) негізінде жұмыс істейтін тұлғалардың жарнасы.

Бұған дейін хабарланғандай, шілденің бірінен бастап жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер және азаматтық-құқықтық келісімшарт (АҚК) негізінде еңбек ететін тұлғалар жарна төлеуге кірісті.

Белгілі болғандай, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлерді жұмыскерлеріне міндетті медициналық сақтандыру  бойынша тиісті төлемді енгізуді міндеттейтін  норма өз күшіне енді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу