Павлодарда дәрігерлер қайтыс болған адамдарды қабылдап, "кеңес" берген

114

Акушер-гинекологтардың кеңесі ер адамға "көрсетілген" болып шықты.    

Павлодарда дәрігерлер қайтыс болған адамдарды қабылдап, "кеңес" берген Фото: gov.kz

Емдеу қызметтерін қайталау арқылы қосарланған төлем жасалған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Павлодар қаласының прокурорлары халыққа медициналық көмек көрсетуге арналған "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ-тың бюджет қаражаты мен активтерінің жұмсалуына жүргізілген тексеру барысында жалған қызмет көрсету фактілерін анықтады.

Невропатолог, кардиолог, хирург, психолог және басқа да тар бейінді мамандардың қабылдаулары қайтыс болған адамдарға, акушер-гинеколог дәрігердің консультациялары ер адамдарға "көрсетілген".

Сондай-ақ тиісті маман сертификаттарымен рұқсат құжаттары жоқ тұлғалардың халыққа медициналық көмек көрсеткені анықталды.

Қадағалау актілері бойынша заңбұзушылықтарды жою, рұқсат беру құжаттарын алу және кінәлі тұлғаларды заңнамада белгіленген жауапқа тарту жұмыстары басталып кетті. 

"Қабылданған шаралар нәтижесінде 100 млн теңгеден астам сомаға келтірілген залал қайта өтелді.

Сот қарауында медицина саласында заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру арқылы 62 млн теңге көлемінде мемлекеттік қаражатты жымқыру және 41 млн теңге көлемінде мемлекетке залал келтіру фактілері бойынша екі қылмыстық іс бар", – делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу