Мамыр айында 13 күн демаламыз

1274

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі жұма күніне сәйкес келеді.  

Мамыр айында 13 күн демаламыз

Қазақстандықтар мамыр айында 13 күн демалады, деп хабарлайды  egov.kz сайты.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні бейсенбімен тұспа-тұс келіп тұр. 9 мамыр – Жеңіс күні, сенбі күні атап өтіледі.

9 мамыр демалыс күніне тұспа-тұс келуіне байланысты қазақстандықтарға тағы бір демалыс күні беріледі. Ол сенбіден дүйсенбіге, яғни 11 мамырға ауыстырылды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының үкіметі 7 мамырдан 10 мамырға дейін демалу үшін демалыс күнін 11 мамырдан 8 мамырға ауыстырды.

Сонымен қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында 1, 2, 3 мамырда, одан кейін 7, 8, 9, 10 мамырда демалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу