Мамыр айында 147,7 мың автокөлік құралы есепке қойылды

186

Жалпы көлік құралдарының ішінде газбен жүретін көліктердің үлесі 0,4% құрады.  

Мамыр айында 147,7 мың автокөлік құралы есепке қойылды Фото: koleso.kz

2026 жылғы мамыр айында 147,7 мың автокөлік құралы есепке қойылды, оның ішінде жеңіл автомобильдер – 129,0 мың, жүк автомобильдері – 8,7 мың, автобус – 1,3 мың, мотоцикл – 1,6 мың, тіркемелер – 3,6 мың және 3,3 мыңы өзге де көлік құралдары, деп жазады inbusiness.kz сайты.

2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда 5 995,0 мың автокөлік құралы тіркелген. Оның 84,2% – жеңіл автомобильдер, 8,0% – жүк автомобильдері, 4,3% – тіркемелер, 1,5% – автобустар, 1,2% – мото көлік және 0,8% – өзге көлік құралдары.

Пайдаланылатын отын түрлері бойынша көлік құралдарының 80% бензинмен жүреді, 7,6% - дизель отынын пайдаланады, аралас отындағы көлік құралдарының үлесі – 6,5%.

Жалпы көлік құралдарының ішінде газбен жүретін көліктердің үлесі 0,4% құрады. Сонымен қатар, электр қуатымен жүретін 32 479 көлік құралы тіркелген, бұл жалпы көлік санының 0,5% құрайды.

Электр қуатын пайдаланатын көлік құралдарының ең көп саны келесі өңірлерде тіркелген:

  • Алматыда – 17 506;
  • Астанада – 3 235;
  • Алматы облысында – 2 857;
  • Шымкентте – 1 042.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу