Мамыр мерекелеріне орай қосымша 16 мың пойыз билеті сатылады

388

6-11 мамыр аралығында сұранысы жоғары бағыттардағы пойыздар құрамы 175 қосымша вагонмен толықтырылады.

Мамыр мерекелеріне орай қосымша 16 мың пойыз билеті сатылады Фото: rail-news.kz

"Қазақстан темір жолы" компаниясы мамыр мерекелері қарсаңында жолаушылар санының артуына байланысты ұлттық тасымалдаушы қосымша пойыз орындарын ұсынады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Нәтижесінде жолаушыларға шамамен 16 мың қосымша орын беріледі. Қабылданған шаралар мереке күндері жол жүру билеттерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Қосымша орындар келесі бағыттар бойынша ұсынылады: Астана, Алматы, Павлодар, Түркістан, Атырау, Пресногорьковская, Семей, Петропавл, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау, Қазалы, Саратов, Жезқазған, Сарыағаш, Новосібір, Өскемен, Қарағанды және Балқаш.

Жолаушылар билеттерді комиссиясыз bilet.railways.kz ресми сайтынан, сондай-ақ "Жолаушылар тасымалы" АҚ кассаларынан сатып ала алады. Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы немесе "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның Instagram желісіндегі ресми парақшасынан алуға болады.

Сонымен қатар пойыздар қозғалысы туралы өзекті мәліметтер tablo-railways.kz сайтындағы онлайн-тақтада қолжетімді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу