Мамырда ауа райы қандай болады?

621

Қазақстанда мамырда күн суытып, үсік жүруі мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап. 

Мамырда ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің мәліметінше, мамырда көктемгі атмосфералық процестер жазға ауысады. Алайда күн суытып, үсік жүруі ықтимал.

Сәуірден мамырға қарай Қазақстанның солтүстік жартысында, оңтүстік және оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жауын-шашын көп жауады.

Мамырдың бірінші күні республиканың басым бөлігінде +20+28°С, оңтүстігінде +33°С ыстық болады. Еліміздің солтүстік-батыс бөлігінде циклондардың өтуіне байланысты күшті жел, дауыл соғып, бұршақ жауып, ауа температурасы төмендейді. Кейін мұндай ауа райы Қазақстанның басқа аудандарында болады.

Айдың бірінші жартысында циклондар мен антициклондардың ауысуына байланысты ауа-райы тұрақсыз, ауа температурасы ауытқиды деген болжам бар:

- республиканың батысында түнде +3+13°С, солтүстігінде 3°С үсік, +8+15°С, күндіз +10+20°С-тан +18+25°С-қа дейін;
- солтүстік, орталық және шығыста түнде +5+15°С-тан 0,+7°С-қа дейін, кей уақытта 1-6°С үсік, күндіз +18+25°С-тан +8+18°С-қа дейін;

- оңтүстік, оңтүстік-шығыста түнде +10+20°С-тан +5+15°С-қа дейін, күндіз +23+33°С-тан +15+22°С-қа дейін.

Айдың екінші жартысында Ираннан жылы ауа массаларының қарқынды тарауы нәтижесінде:

- республиканың солтүстік жартысында ауа температурасының біртіндеп +25+35°С-қа дейін, ал оңтүстік жартысында +30+35°С, қиыр оңтүстік пен оңтүстік-батыста +40°С-қа дейін жоғарылайды.

Мамырдың екінші жартысында кейбір күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай соғып, жаңбыр жаууы ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу