Мамырда еліміздің 10 облысында құрғақшылық болады

243

"Қазгидромет" Қазақстанның 10 облысында атмосфералық құрғақшылық болатынын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мамырда еліміздің 10 облысында құрғақшылық болады Фото: freepik.com

Болжамда аталған өңірлер мыналар: Қостанай облысында Амангелді, Жангелді ауданында және ішінара Арқалық қаласының маңында;

Батыс Қазақстан облысында Теректі, Қазталов, Жәнібек, Жанғала, Ақжайық және Бөкейорда ауданында;

Атырау облысы бойынша Құрманғазин ауданында;

Маңғыстау облысында Бейнеу, Маңғыстау және Қарақия ауданында;

Қарағанды ​​облысында Ақтоғай және Шет ауданында;

Абай облысы Аягөз ауданында;

Алматы облысы бойынша Балқаш ауданында;

Жамбыл облысында Мойынқұм ауданында;

Түркістан облысында Созақ ауданында;

Қызылорда облысында Арал, Қазалы, Қармақшы ауданында;

Ақтөбе облысында, Қобды ауданында.

"Елдің қалған бөлігінде ылғалдылық нормаға жақын болады", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу