Мамырдағы мерекелерде өтетін дәстүрлі шерулерге тыйым салынды

680

Қазақстанда COVID-19 бойынша эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына байланысты биыл Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай дәстүрлі әскери шеру болмайды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасап.

Мамырдағы мерекелерде өтетін дәстүрлі шерулерге тыйым салынды Фото: inbusiness.kz

"Иә, биыл Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне арналған шеру эпидемиологиялық жағдайға байланысты болмайды", – деп жауап берген агенттіктің сұрағына Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

Елімізде Отан қорғаушылар күні 7 мамырда атап өтіледі. Ал 9 мамыр – Жеңіс күні.

Еске сала кетсек, індетке байланысты былтыр Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери шеру тоқтатылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу