Манаш Қозыбаев атындағы университет америкалықтардың басқаруына берілмек

1967

Солтүстік Қазақстан университеті АҚШ-тың Аризона университетінің сенімгерлік басқаруына берілуі мүмкін. 

Манаш Қозыбаев атындағы университет америкалықтардың басқаруына берілмек

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін АҚШ-тың Аризона университетінің сенімгерлік басқаруына беру жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Біз жоғары білім саласындағы ынтымақтастық географиясын кеңейтудеміз. Біздің аймаққа Аризона Университетінің (АҚШ) делегациясы келді. Бүгін Америка делегациясымен кездесу өтті. Келіссөздер қорытындысы бойынша америкалық тарап өкілдері Аризона университеті Солтүстік Қазақстан университетімен ынтымақтастыққа дайын екендіктерін хабарлады", - деп жазды аймақ басшысы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында.

Ақсақаловтың айтуынша, "бұл тәсіл болашақта өз жемісін береді, өйткені Аризона университетінде сапалы білім беру бағдарламасы мен озық технологиялар бар".

Ол Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі жастар үшін тартымды болуы керек екенін атап өтті.

"Аризона - әлемдегі ең үздік 100 университеттің бірі. Нобель сыйлығының үш иегерлері осы оқу орнын тәмамдаған. Олар NASA аэроғарыш агенттігімен ынтымақтастықта. Біздің студенттеріміз бен оқытушыларымыз америка университетінің бай тәжірибесі мен біліміне ие болады. Жастарымызға шетелдегі оқу орнымен білім алмасу үшін керемет мүмкіндік беріледі", - деді әкім.

Қазіргі уақытта университетте 7,7 мыңнан астам студент білім алуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу