Мәнерлеп сырғанаушылар Гаухар Наурызова мен Бойсангур Датиевтің әлеуметтік желідегі үндеуі оң нәтиже берді

515

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан атынан өнер көрсететін жұп Гаухар Наурызова мен Бойсангур Датиевтің әлеуметтік желідегі үндеуі оң шешімін тапты. Бұл туралы спортшылар өздерінің Instagram парақшаларында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Мәнерлеп сырғанаушылар Гаухар Наурызова мен Бойсангур Датиевтің әлеуметтік желідегі үндеуі оң нәтиже берді

"...Біз федерация ISO заңдары мен ережелері шеңберінде жұмыс істейтінін түсінеміз. Біз Федерациямен бірге Қазақстанда мәнерлеп сырғанауды дамыту үшін өзара ынтымақтастыққа дайынбыз. Спорт туралы заңнамада көрсетілген түрлі нормалардың түсіндірілуі жөнінде толық хабардар болмауымыз да мүмкін...

Федерация біздің алғашқы нәтижелерімізді, халықаралық жарыстарда еліміздің көк байрағын желбіретуге деген ықыласымызды, сондай-ақ келесі Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия алғымыз келетінін ескеріп, Мәдениет және спорт министрлігіне өтініш хат жолдады. Олар өз кезегінде мені ұлттық құрамаға қабылдау туралы соңғы шешімді қабылдайды.

Біз Бойсангурмен, жаттықтырушылармен және Федерациямен бірге Қазақстанда спортты дамыту үшін қолдан келгенше барымызды саламыз. Қазақстанның мұз үстіндегі билерде лайықты өнер көрсетуі үшін бар күш-жігерімізді саламыз...", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін мәнерлеп сырғанаудан өнер көрсететін жұп Гаухар Наурызова мен Бойсангур Датиев әлеуметтік желідегі парақшаларында Қазақстан Президенті мен халқына үндеу жолдағанын жариялаған едік. Гаухар Наурызова мен Бойсангур Датиев ұлттық құрама сапынан шығарылғанын, федерацияда туындаған бірқатар мәселе бойынша мәлімдеген болатын.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу