Маңғыстау Атом энергетика комбинатының жұмысшылары наразылыққа шықты

688

Маңғыстау облысындағы "Маэк-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС-нің бір топ жұмысшысы наразылыққа шықты.   

Маңғыстау  Атом энергетика комбинатының жұмысшылары наразылыққа шықты

 

Екпе алмаған олар кешеден бері жұмыстан шеттетілген. Напақасынан айырған басшылыққа жұмысшылар бірнеше талап қойып отыр. Олар қандай талаптар?

Ақтау қаласы мен оған жақын елді мекендерді су, жылу және электр қуатымен қамтып отырған монополист мекеменің жұмысшылары кешеден бері жұмыстарына кіре алмай әуреге түсті. Шарт біреу- вакцина алмағандар бас санитар дәрігердің қаулысына орай жұмыстан шеттетілген. Олар мәжбүрлі вакцинаға қарсы. Әрі ақысыз демалысқа да кеткісі жоқ.

"Еңбек кодексінің 112-бабы, 1-тармағы бойынша 50 процент айлыққа жіберуді талап етеміз. Екінші талап- мекеменің өзі ПТР тестінің құнын төлеп, жұмысқа шығаруы қажет.  Бұлар әлі шеше алмай жатыр.Оған облыс әкімінің, заң органдарының қатысуын талап етеміз!"-дейді Жұмысшы Жанболат Иса. Ал, Наурыз Тоқтамысұлы болса, біз жұмысқа шықпаймыз деген жоқпыз. Жұмысқа таңда сағат 7-30 келдік. Бізді кешеден бері жібермей жатыр. Бәрімізде бала бар. Табыс тапқымыз келеді деп мұңын шақты.

Мекемеде барлығы 3600 адам еңбек етеді. Соның 300-і екпеден бас тартып отыр. "Маэк-Қазатомөнеркәсіп" Маңғыстауда адам тіршілігіне аса қажетті ресурс өндіретін жалғыз мекеме. Ұжым ауру жұқтырып, жаппай карантинге кетер болса, одан келетін залал орасан деп қауіптенеді басшылар. Алдымен тұрғындар су, жылу, жарықсыз қалады және үлкен ұжымды ауыстыра алатын мамандар жоқ.

"Еліміздің бас санитарының соңғы қаулысына сүйеніп отырмыз. Тұрғындардың қауіпсіздігі маңызды. Жұмысшыларымыздың талаптарымен таныстық. Талаптарды орындауды немесе бас тартуды жұмыс комиссиясы шешеді. Бірақ 50 % жалақы төленсін дегені орынсыз. Үйде жатып жалақы алар болса, қалған жұмысшылар қаншама жүктемемен еңбек етуі тиіс", – дейді "Маэк-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС адам ресурстарын басқару департаментінің директоры Андрей Могилин.

Бұл мәселе бойынша мекеме басшылығы облыстың бас санитар дәрігерімен ақылдасып көреміз деді. Оңтайлы жолдары болса тез шешім қабылдамақ.

Алмас Қылыш

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу