Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жөндеу жұмыстары аяқталды

468

Маңғыстауда энергокомбинаттың ЖЭС-3 жөндеуінің жұмысы барысында генератор роторының байланыс сақиналары мен оқшаулағыш жеңі жөнделді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жөндеу жұмыстары аяқталды Фото: kazpravda.kz

Оқшаулау өлшемі оң нәтиже көрсеткен соң щеткалы-байланыс аппараты орнатылды. Одан соң энергоблокты іске қосуға дайындық жұмыстары жасалды. Жөндеу жұмыстары үзіліссіз тәулік бойы жүргізілді.

Энергоблок 19 тамызда іске қосылды. МАЭК қызметкерлері орын алған төтенше жағдайды тезірек жою үшін жұмыла еңбек етті.

Сағат 12:00-дегі жағдай бойынша электр энергиясын берудегі барлық шектеулер алынып тасталды. Мұнай және өнеркәсіп секторына да электр қуаты толық қосылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу