Маңғыстау құтқарушыларына 31 бірлік арнайы техниканың кілттері табысталды

485

29 бірлік техника қаржы лизингі есебінен және 2 бірлік техника жергілікті бюджеттен сатып алынды. 

Маңғыстау құтқарушыларына 31 бірлік арнайы техниканың кілттері табысталды Фото: ҚР ТЖМ

2023 жылдың 20 қыркүйегінде 31 жаңа автокөліктің кілтін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов пен Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Жұмабай Қарағаев табыстады.

Жаңа арнайы техниканы тапсыра отырып, ТЖ министрі Маңғыстау облысының өрт сөндірушілері мен құтқарушыларына кәсіби қызметте табыс тіледі және өрт техникасын жаңарту олардың жұмысының сапасы мен нәтижелілігіне сөзсіз әсер ететінін атап өтті.

Бүгін ТЖД автопаркі 16 негізгі бірлікпен, 7 арнайы бірлікпен және 8 қосалқы машинамен толықтырылды. Жаңа құтқару техникасы ықтимал төтенше жағдайларға жедел ден қоюға, өрттерді ойдағыдай жоюға және азаматтардың өмірін сақтап қалуға көмектеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу