Маңғыстау мен Малайзия ынтымақтастықты нығайтуды көздейді

199

Сегіз айда Малайзиямен сыртқы сауда айналымы 233 мың доллар болды.  

Маңғыстау мен Малайзия ынтымақтастықты нығайтуды көздейді Фото: gov.kz

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Малайзияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохд Адли бин Абдулламен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

 Тараптар сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, инвестиция тарту және бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.

Малайзия тарапы Маңғыстаудың мұнай-газ, логистика, туризм және энергетика салаларындағы әлеуетіне қызығушылық білдірді. Елші өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін Малайзияның іскерлік қауымдастығына таныстыруға дайын екенін айтты.

Мохд Адли бин Абдулланың айтуынша, Қазақстан мен Малайзия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік бар.

Өз кезегінде Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау мен Малайзия арасындағы өзара тиімді әріптестікті дамытуға қолдау көрсетілетінін жеткізді.

– Малайзияда өнеркәсіп, электроника, қаржы жүйесі, химия өнеркәсібі, агроөнеркәсіп, логистика, автокөлік, туризм, IT және білім беру салалары жақсы дамығаны бізге мәлім. Осы бағыттар бойынша ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бастамаларды қолдауға дайынбыз, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

2026 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы мен Малайзия арасындағы сыртқы сауда айналымы 233 мың АҚШ долларын құрады. Оның 5 мың доллары экспортқа, 228 мың доллары импортқа тиесілі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу