Маңғыстау мұнайшылары наразылыққа шыққандарды қудаламауды талап етті

564

Маңғыстау облысындағы "Phystech II" АҚ қызметкерлері ел Президентіне жолдаған жалақыны көтеру туралы жиналыс хаттамасына қол қойған қызметкерлерге қысым көрсетіліп жатқанын айтты. 

Маңғыстау мұнайшылары наразылыққа шыққандарды қудаламауды талап етті Фото: inbusiness.kz

Оларды қудалауды тоқтату қажеттігі туралы бейнеөтініш жариялап, әлеуметтік желілерге таратты.

Компания қызметкерлерінің айтуынша, жалақыны көтеруді талап етіп, қол қойған қызметкерлерге қысым жасауын тоқтатар емес.

"Қазан айында біз Қазақстан Президентіне алғашқы үндеуімізді жаздық. Біз жалақымызды 100 пайызға көтеруді сұрадық. Кәсіпорын басшылығы бүгінгі күнге дейін біздің талаптарымызды елемеді. Енді басшылық бізге қысым көрсетіп, жұмыстан шығарамыз деп қорқытуда. Компанияның 100 - ден астам қызметкері жалақыны көтеру туралы жиналыс хаттамасына қол қойды", - деп шағымданды "Phystech II" компаниясының жұмысшылары.

Еске сала кетсек, "Phystech II" АҚ Солтүстік Қаражанбас мұнай кен орнында мұнай мен газды барлауды және өндіруді жүзеге асырады. Наразылық шарасында мұнайшылар жалақыны 100 пайызға көтеруді талап етті. Қазір олар 112- 180 мың теңгеге дейін жалақы алады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу