Маңғыстау облыстық ауруханасының бас есепшісі 7 жылға сотталды

330

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Маңғыстау облыстық ауруханасының бас есепшісі 7 жылға сотталды Фото: forbes.kz

Маңғыстау көп бейінді облыстық ауруханасының бас есепшісі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сондай-ақ ол 5 жыл бойы бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Облыс прокуратурасының тексеруі нәтижесінде ауруханада 32 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталған.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен (аса ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу мәліметінше, бас есепші танысымен алдын ала сөз байласып, бюджет қаражатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың шоттарына аударып, кейін қолма-қол ақшаға айналдырған.

Сотталушыны кінәлі деп танылды. Бас есепшінің сыбайласына 7 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу