Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

538

Бүгін Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Жұмабай Қарағаев тағайындалды.   

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды Фото: tumba.kz

Ол осыған дейін ҚР энергетика вице-министрі болған, деп жазады inbusiness.kz

Жұмабай Қарағаев И.Губкин атындағы "Мұнай-газ кен орындарын игеру және пайдалану" мамандығы бойынша бітірген. Бұдан бөлек техника ғылымдарының кандидаты деген ғылыми атақ берілген. Жұмабай Қарағаевтың мемлекеттік қызметте және жеке секторда 22 жылдық еңбек өтілі бар.

Әр жылдары Атырау және Маңғыстау облыстарындағы бірқатар жеке компанияларды, Атырау әкімдігінің ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерін басқарған. Ол еңбек жолында Атырау қаласы әкімінің орынбасары, Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы, Атырау облысы энергетика және ТКШ басқармасының басшысы қызметтерін атқарды. Атырау облысы Мақат ауданының әкімі және Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2019 жылдың желтоқсанынан бастап 2022 жылдың қаңтар айына дейін дейін ҚР Энергетика вице-министрі болды. Оған өңірдегі негізгі мәселелердің бірі халықты ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету, "МАЭК" ЖШС мен қалалық коммуналдық желілерді жаңғырту, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мәселелерді шешу міндеті жүктелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу